«Еркелеткен дейді ол баланы». Аяжан Еділованың өліміне күдіктінің көршілері не дейді?

Описание к видео «Еркелеткен дейді ол баланы». Аяжан Еділованың өліміне күдіктінің көршілері не дейді?

Аяжан Еділованы өлтірді деп күдікке ілінген Рахманберді Төребеков Түркістан облысының Жаушықұм ауылында тұрған. Жаушықұмдағы көршілері Рахманбердінің кішкентайынан ұяң болып өскенін айтады. Ал жағдайды алғаш естігенде таң қалған ұстаздар, оқушы мектепті алтын белгіге бітірді дейді.
Он тоғыз жастағы Аяжан Еділованы аяусыз өлтірді деп күдікке ілінген азамат Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылында өскен. Тілләбайдың баласы қамалды дегенді естіген көршілері жағдайға таңырқай қарайды. Туыстай боп кеттік деген көршісі Бөрібек Биқожаев Рахманбердінің ұяң бала болғанын айтады. Ауыра қалса, анасы дәрі салдыруға мейірбике бар деп, көршілерге әкеледі екен. Сонда ине салдыру үшін жамбасын көрсетуге ұялатын еді дейді.
БӨРІБЕК БИҚОЖАЕВ, күдікті Рахманберді Төребековтің көршісі:
– Келіншек аласың ба десең, кәдімгідей қызыраңдап шығып кететін еді. Өзі оқитын балалар, екі-үш қана бала келетін үйіне. Басқа ешкім келіп, артық жүріс деген о балада мүлде болмаған.
Көршісі:
– Тәртіптері өте жақты тұғын. Жақсы оқитын балалар еді. Ата-анасы да жақсы тұғын. Екеуі де мұғалім.
Күдіктінің анасы облысқа белгілі химик болғанын айтады мектептегілер. Рахманберді Төребеков білім алған Жаушықұмдағы мектеп директоры бұрынғы оқушысының аса ауыр қылмысқа күдікті ретінде қамауға алынғанын естіп таң қалған. Тәртібі де, білімі жақсы болыпты. Тек үйінде аздап еркелеткенін естігенін айтады.
РОЗА ЖҮНІСҚҰЛОВА, Шардара ауданы Жаушықұм мектебінің директоры:
– Біреумен артық ойнап күлмеген бала ғой. Енді тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы дейді ғой. Үйіндегі тәрбие дұрыс болмай қалды ма? Еркелеткен дейді ол баланы.

Алайда күдіктінің отбасы осыдан екі жыл бұрын түгелдей Түркістан қаласына көшіпті. Көршілері біразға дейін бос тұрған мұндағы баспанасының жуырда сатылғанын айтады.
#Аяжан_өлімі #Аяжан_Едилова #19_жасар_Аяжан #Жаңалықтар_Аяжан #астарлы_ақиқат_2021



.
.
.
.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#Аяжан #РахманбердіТөребеков #аяжанеділоваөлімі

Комментарии

Информация по комментариям в разработке