Сарыағашта айуандықпен өлтірілген бес жасар Еркежан Нұрмаханның денесі жер қойнына табысталды

Описание к видео Сарыағашта айуандықпен өлтірілген бес жасар Еркежан Нұрмаханның денесі жер қойнына табысталды

Бұл, Түркістан облысында айуандықпен өлтірілген бес жасар Еркежан Нұрмаханды ақтық сапарға шығарып салып жатқан сәт. Аулада ойнап жүрген жерінен із-түссіз жоғалып кеткен қаршадай қызды кеше түскі бірден бастап бүкіл Жібек жолы ауылының тұрғындары іздеген еді. Алайда, балақай аман табылмады. Бүлдіршіннің мәйіті сотталып шыққан 48 жастағы көршісінің үйінің шатырынан табылды. Ал құзырлы орган өкілдері күдіктінің бұған дейін адам өлтіргені үшін 10 жыл түрмеде отырып шыққанын растады. Және мамыр айында ғана ішімдік ішіп ауылдасын балтамен ұрған екен. Бірақ сот азаматтың жәбірленушімен татуласқанын ескеріп, оған пробациялық бақылаумен 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған екен.
Етегі жасқа толған бұл әйелдердің барлығы кеше ғана ойнап жүріп азғын қолынан қайтыс болған Еркежан Нұрмаханның жақындары. Айдың күннің аманында өсіріп отырған қыздарынан айырылған әулеттен кешелі бері тыныштық кеткен. 5 жасар бүлдіршіннен 5 минутқа көз жазып қалдым деген анасы Еркежанды күндізгі бірден бастап іздегенін айтады.
ИНДИРА ЕРІМБЕТОВА, марқұм Еркежан Нұрмаханның анасы:
– Кеше сағат күндіз бірлерде көрдім. Бірден төрт минут өткенде шығып кеткен. Мен 13:10 минут өткенде артынан іздеп шыққынмын. Содан кеше тоғызға дейін іздедім. Іздемеген жерім қалмады.
Анасы қаршадай қызды таппаған соң бүкіл ауыл болып Еркежанды іздеуге кіріскен. Марқұмның әкесі бірден жақында түрмеден шыққан көршісінен күдіктенген екен. Алайда, үйіне қанша кіріп тінтігенімен мас күйінде жатқан ер адамнан басқа ешкімді таппадым дейді.
НҰРЖАН ЕРЕЖЕПОВ, марқұм Еркежан Нұрмаханның әкесі:
– Педофилдің үйіне мен басында өзім кіріп шықтым. Кірген кезде таба алмай шықтым. Сосын екіншісінде ауыл балалары кіріп олар да таба алмай шыққан ғой. Сөйтіп үшіншісінде қайтар кезде қарап шыққан кезде футболкасын көріп қаламын ғой мен. Футболкасын көргенде шок болдым.
Тоғыз сағатқа созылған іздестіру жұмыстарынан кейін мәйітті ауыл тұрғындарының бірі тапқан. 5 жасар қыздың сау тамтығы қалмаған жансыз денесі күдік тудырған көршінің үйінің шатырында жатқан екен. Үстінде киімі болмаған Еркежанның білегі, мойны кесіліп, жеті жерінен пышақ сұғылған дейді куәгерлер. Қала берді пакетпен тұншықтырып, азғындыққа да барған болуы мүмкін деп топшалайды.
ЕРЖАН АХМЕТОВ, куәгер:
– Киімі шықты қыздың. Киімі шыққаннан кейін іздеп шықтық. Бүкіл жақты іздеп жатыр едік крышаға қарай кеттім жолдас баламмен. Шифрды басып қалған едім киімсіз қыз жатқан еді. Ары жаққа қарай бізді шығарып жіберді уже.
НҰРЖАН ЕРЕЖЕПОВ, марқұм Еркежан Нұрмаханның әкесі:
– Пышақ тыға берген, тыға берген. Басына пакет кигізген. Ұрған бетінен. Басқа нәрсе де істеген. Шешіндіріп тастап барлық нәрсе істеген. Бес жасар қызды сөйтіп істей ме?
Ал құзырлы орган өкілдері 48 жастағы күдіктінің бұған дейін де адам өлтіргені үшін 10 жылға сотталғанын айтады. Және адам денсаулығына зиян келтіргені үшін тағы да 3 жылға бас бостандығынан шектетілген екен. Ал, Сарыағаштың тәртіп сақшылары күдікке ілінген азаматты қамауға алған. Және бүлдіршіннің қорлық көрген-көрмегені сот-медициналық сараптамасынан кейін белгілі болмақ.
ЕСЕНҒАЛИ БЕЙСЕБАЕВ, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің бастығы:
– Қылмыскер құрықталып, қазір уақытша ұстау изоляторіне қамаққа алынды. Күдіктінің үстінен ҚР ҚК 99 бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Еркежен 4 күн бұрын ғана 5 жасқа толған екен. Қайғылы оқиға болатын күні отбасы туған күнді тойламақ болған. Алайда, шаш қысқартуға кеткен әкесі мен бауырларын, мал жайғастырып жүрген анасын күткен қыз олармен сол күйі кездесе алмады. Айуандықпен өлтірілген балақайдың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды.













Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке