Балаларға көруге тыйым салынады! 19 жасар қызды айуандықпен өлтірген күдікті кім?

Описание к видео Балаларға көруге тыйым салынады! 19 жасар қызды айуандықпен өлтірген күдікті кім?

Қымбатты көрермен, келесі материалды көрсетпес бұрын балаларды экран алдынан алуларыңызды сұраймыз.
Алматыда іс-түссіз жоғалып кетіп, кейін мәйті табылған 19 жастағы Аяжан Еділованың азапты өліміне қатысты адам шошырлық деректер анықталды. Полицияның арнайы жасағы есігін бұзып кірген пәтерде Аяжанның бөлшектелген денесі табылған. Ең сорақысы құзырлы орган өкілдері күдікті бойжеткеннің тырнағы мен тістерін сындырғанын ашық айтып отыр. Ал күдіктімен интернет арқылы танысқан өрімдей қыздың не себепті белгісіз азаматтың үйіне барғаны әзірге жұмбақ. Марқұмның туыстары Аяжанды іздеп барғанда арызымызды Медеу аудандық полиция бөлімі қабылдамай қойды деп ашулы. Азапты өлімге қатысты марқұмның жақындары әріптестім Әлібек Шынтемірге берген сұхбатында өз нұсқаларын айтып берді.
Бір отбасының аялап өсірген жалғыз қызы Аяжан жасынан сурет салуды, сәнді киім тігуді жақсы көріпті. Оқуда озат Аяжан, сол қаралы күні жұмысының маңынан таксиге отырып, күдіктімен жолығуға барған. Полицейлер ақпараты бойынша, марқұм ғаламтор арқылы танысқан жігітпен үш күн бойы хат алмасып, кейін кездесуге барған. Ал бұл Аяжанның күдіктімен жолыққан кездегі бейнежазба. Кездесу Алатау ауданындағы Нұркент 5 тұрғын үйіндегі бейнебақылауға жазылып қалған.
ӘЛІБЕК ШЫНТЕМІР, тілші:
– Полиция азаптап өлтірді деген Аяжанның мәйіті дәл осы пәтерден табылған. Полиция есікті бұзып кіргенде қылмыскер қолына пышақ алып, өзінің мойнын тіліп үлгерген. Ал бұл жерден ажал құшқан марқұмның бөлшектелген денесі табылыпты.
Қанды оқиғадан кейін бір күн өткен соң мекен-жайы анықталған күдіктінің есігін арнайы жасақпен бұзып кіруге тура келген. Осы аралықта күдікті Аяжанның денесінің бір бөлігін тоңазытқышқа жасырған. Қазір бұл пәтерде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, Алматы қалалық Полиция Департаментінің баспасөз хатшысы:
– Араларында жанжал туындайды. Жанжалдың нәтижесінде ол қыз баланы өлтіріп, қылмыстың іздерін жасыру мақсатында оның денесін бөлшектейді. Енді аса қатыгездікпен жауыздықпен жасалған қылмыс. Сосын денесінің кейбір мүшелерін сол 19 нан 20 на қараған түні қаланың шет-шеттеріне лақтырып үлгереді. Қоқыс бактарына. Қандай тәсілмен қызды үйіне шақырғанын біз анықтайтын боламыз.
Ал Аяжанның туыстары мен полицияның сөзі сәйкеспейді. Марқұмның жақындары құзырлы органдар дер кезінде шара қолданбады деп налиды. Тіпті адам жоғалу фактісі бойынша арызымызды қабылдамай қойған соң күдіктінің құрбаны болған өрімдей қыздарын өздері іздеуге кіріскендерін айтты.
Марқұмның туыстары қанды қол қылмысқа барған күдіктінің жақындары әлі күнге дейін хабарласып алдынан өтпегендерін айтады. Оның үстіне Полиция қызымызды азаптап өлтірген азамат туралы еш ақпар бермеді дейді. Ол аздай қарындасымның өлімі жайлы тергеушілерден емес, интернеттен оқып білдік дейді ағасы. Ал Полиция күдікті 28 жастағы Түркістанның тумасы екенін, фармацевт мамандығын қызыл дипломға бітіргенін және Нұркент 5 ықшам ауданынан пәтер жалдап тұрғанын, бұндай қорқынышты қылмысқа бірінші рет барғанын мәлімдеді.
ӘЛІБЕК ШЫНТЕМІР, тілші:
– Арманына асығып жүріп, оқысты ажал құшқан Аяжанды азаптап өлтірді деген күдікті қазір осы 7 қалалық ауруханада жатыр. Ол толық тексерістен өтіп сауыққан соң тергеу изоляторына жеткізілді дейді полицейлер.
Әрине, бұндай жаңалықты айтудың өзі бізге де ауыр. Дегенмен осындай қайғылы жағдай қайталанбас үшін көрсетуге мәжбүрміз.
.
.
.
.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#асқан_қатігездік #өлім #Аяжан

Комментарии

Информация по комментариям в разработке