«Ол бізге айтпай кетті»: Алматыда Аяжан Еділованы соңғы рет көрген құрбылары сұқбат берді

Описание к видео «Ол бізге айтпай кетті»: Алматыда Аяжан Еділованы соңғы рет көрген құрбылары сұқбат берді

Алматыда жантүршігерлік жағдайда қайтыс болды деген Аяжан Еділоваға қатысты және оны өлтірді деген күдіктіге қатысты жаңа деректер пайда болды. Марқұмның құрбылары мен бірге оқыған курстастары мән-жайды айтып берді.

Жас қыз биыл 11 ақпанда қаладағы «Янтарная көшесі,15» мекенжайындағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің жатақханасына көшіп келген. Осы жерде соңғы бір айда Мөлдір есімді қызбен бір бөлмені жалдап тұрған. Университет әкімшілігіне айына 20 мың теңге төлеуге келіскен. Қыз 19 наурыз күні әдеттегідей жұмысқа кеткенін айтып, шыққан, дейді оның бөлмедегі көршісі.

Өрімдей қызды айуандықпен өлтірді деп айыпталған күдіктінің есімі - Рахманберді Төребеков Тілләбайұлы. Ол 1993 жылы 11 сәуірде туған. Аяжан Еділова онымен «Badoo» деп аталатын сайтта танысып, 16 наурыз бен 19 наурыз арасында сөйлескен деген ақпарат бар. Нұркент шағынауданы 5-ші үй 6-шы корпуста тұратын бейтаныс адаммен қандай мақсатта кездесуге барғаны туралы тергеу құпиялығына байланысты айтылмайды. Оның нақты себебі сот барысында белгілі болмақ.

Кеше ғана ауруханадан уақытша оқшаулау изоляторына ауыстырылған күдікті туралы ақпараттар жинап көрдік. Р. Төребеков қыздың бөлшектенген мүрдесін Алатау ауданындағы үйіне такси шақырып, Бостандық ауданындағы Ә. Кекілбайұлы көшесінде орнаалсқан қоқыс контейнеріне және кейбір бөлшектерін Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінің ауласына апарып тастаған. Қалғанын пәтердегі тоңазытқышта ұстаған деген мәліметтер бар.

ҚР ДМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының психиатр –дәрігері Айгүл Әбетова бұл адамның ішкі жан-дүниесін сыртқа ашып көрсетпейтін тұлға екенін және сырын барынша ішінде ұстайтын адам екенін, ондайларды психология тілінде ішкі аутизм деп атайтынын айтты. Ол туа біткен мінезден болуы мүмкін және өмір сүре келе пайда болатыны да кездеседі. Екінші себеп сандырақ немесе сана-сезімі жоғалған жағдайда өз әрекетіне есеп бермеуден туындайтын жағдайға ұқсас. Ол қылмысын аффект жағдайында жасаған соң, есін жиып, не істегені есіне түсіп, өкінген болуы мүмкін. Сол сәтте ол өзіне қол салуға ұмтылған деген болжамын айтты. Дәрігер күдіктінің қай әрекеті болса да ақтауға жатпайды, егер науқас болса, өмір бақи емдеуге жіберіледі немесе өмір бойына соттау жазасы кесілуі мүмкін екенін айтады.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке