Тасқын кезінде батырлық танытқандар елдің есінде

Описание к видео Тасқын кезінде батырлық танытқандар елдің есінде

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Көктемгі су тасқыны кезінде полиция қызметкерлері де халықпен бірге болды. Тәртіп сақшылары су басқан аймақтарда қалған тұрғындарды жедел түрде қауіпсіз жерлерге көшірді. Қиын жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созды. Құқық қорғау қызметкерлері қазір де су басқан аумақтарды күні-түні қайықпен күзетіп, қоғамдық тәртіпті бақылап жүр. Солардың бірі - полиция қызметкері Біржан Бәкіровтің әрекеті көпті сүйсіндірді.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:

Құзырлы орган өкілі соқырішек болып қалған 14 жастағы баланы қайықпен жедел жағаға жеткізген. Осылайша төтенше жағдай кезінде көліктері судан өте алмай қалған дәрігерлерге көмек берген екен. Әріптесім Руслан Жасұланұлы бүгінгі күннің батыры атанған азаматпен кездескен еді.
РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, тілші:
– Петропавлдың бір өзінде мыңнан артық үйге су кірді. Бұл Заречный ауылы, Былғары зауыты мен Ойқала аудандарындағы баспаналар. Үйлерін тастап кеткен тұрғындардың баспанасын полицейлер тәулік бойы яғни, күні-түні күзетіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде.
Полиция қызметкері Біржан Бәкіров осындай кезекшіліктің бірінде ағысы қатты суға қарамастан соқырішек анықталған науқасты арқасына отырғызып, қайыққа дейін көтеріп барған. Өз өмірін қауіпке тіккен құзырлы орган өкілі осылайша 14 жастағы жеткішекті жедел түрде жағаға жеткізіпті.
БІРЖАН БӘКІРОВ, полиция бөлімінің жедел уәкілі:
– Судың ағыны қатты болды. Бала өз бетімен өте алмайтын еді. Ағын ағызып кете ме деп қауіптеніп жеткіншекті бірден арқама мінгіздім. Сөйтіп қайық жетіп, мамандарға табыстадық.
Ал дәрігерлер науқасқа дер кезінде көмек көрсеткен Біржанға алғыс айтады. Өйткені тәртіп сақшысы баланы дер кезінде жағаға алып шықпағанда жағдай әлдеқайда ауыр болатын еді дейді.
НҰРЛАН АЙМАНОВ, СҚО балалар ауруханасының бас дәрігері:
– Егер осы полиция қызметкері жақсы іс-әрекет жасамаса, тағы 5-6 сағат сол судың арғы жағында тұрып қалса, онда аппендицит асқынуы мүмкін. Асқынып кетсе құрсақ қуысында қабыну болады. Ірің болады, нәжіс жиналады.
Қазір Біржан Бәкіров көмектескен жасөспірім ата-анасының қасында. Ал 24 жастағы полицейдің жұбайы баласымен тасқын басқан аймақта жүрген жолдасына сағынышын телефон арқылы жеткізеді.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке