50 мың әрине жетпейді! Депутаттар елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейін 115 мыңға көтеруді ұсынды

Описание к видео 50 мың әрине жетпейді! Депутаттар елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейін 115 мыңға көтеруді ұсынды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Мәжіліс депутаттары еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейін қайта қарауды ұсынып жатыр. Пікірлерінше, айналдырған 50 мың теңге елдің тоя тамақ жеуіне жетпейді. Әрі олар пайымдары негізді болуы үшін бірнеше ай азық-түлік бағасына талдау жүргізген. Сөйтіп, бір адам ас-ауқатқа ай сайын орташа есеппен 63 641 теңге жұмсайтынына көз жеткізген. Сондықтан, ең төменгі күнкөріс деңгейі кем дегенде 115 710 теңге болуы тиіс деген түйін жасап отыр.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:

Депутат Асхат Рақымжанов ең төменгі күнкөріс деңгейін 115 710 теңге көлемінде бекітуді ұсынып отыр. Себебі, бір адам ас-ауқатқа ай сайын орта есеппен 63 641 теңге жұмсайды екен. Оған бірнеше ай бойы талдау жүргізе отырып, көз жеткізген. Әрі, бұл тек ең керек деген тағам түрлеріне кететін қаржы. Ал, қазір төменгі күнкөріс 48 мың теңге шамасында екенін ескерсек, азғантай ақшаның тойып тамақ жеуге жетпейтінін аңғару қиын емес. Яғни, ем-дом, коммуналдық қызмет пен ағзаға қажетті дәрумен деген сөздерді ұмытуға болады. Сондықтан, мәжілісмен тұтыну себетіне кіретін азық-түлік тізімін қысқартуға қарсы. Айтуынша, еліміздегі «тамақ өнімін тұтыну туралы» норма халықаралық стандарттарға сай келмейді. Демек, елді асқа аузы жетпей, ашығып жатқан жұртпен салыстырмай, қайта дамыған мемлекеттер секілді тағам мөлшерін ұлғайтқан абзал деді депутат.
АСХАТ РАҚЫМЖАНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:
– Біз әлемнің дамыған елдерінен үлгі алуымыз қажет. Мәселен, Францияның тұтыну себетінде 500-ден астам азық түрі бар. Сол үшін біз халықаралық стандарттарға және ұлттық мәдени ерекшелігімізге сай келетін жаңа азық-түлік себетін әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобын құруды ұсынамыз.
Қазақстандықтар да айналдырған 50 мың теңге ас-ауқатқа жетпейді деп отыр. Пікірлерінше, онсызда бәрі қымбаттап жатқан кезеңде ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеру қажет. Болмаса, қызмет құнын арзандатқан жөн екен.
Ал, адам өзін-өзі жайлы сезініп, иммунитеті жақсы болуы үшін ет, сүт өнімдері мен дәнді-дақылдардың маңызы зор деді маман. Мысалы, еттің құрамында ағзаға қажетті құнды нәруыздар бар. Ол адамның өсіп-дамуына, ақыл-есінің сақталуына әсер етеді. Сүт өнімдері сүйекке пайдалы. Арпа-бидай, қарақұмық, нан секілді тағам түрлері жүйке жүйесін тыныштандырады.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке