КТК: Қазақстан жаңалықтары 18.03.2024

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 18.03.2024

Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram: https://instagram.com/aigerimaskarkyz...)

ҮКІМ ШЫҚТЫ
Алматыда 7 жасар өгей қызын өлтірген әйел сотталды. Марқұм қыздың жалғыз жоқтаушысы, яғни туған әжесі абақтыға Каринаның әкесі де аттануы керек деп отыр.

БАСТЫ БАЙЛЫҚ!
Ерекше күтімдегі бала бағып отырған ата-аналар зейнетке ерте шығуы тиіс. Денсаулық сақтау министрі Мәжіліске келсе міндетті түрде МӘМС-ке қатысты сын естімей кетпейтін жүйенің жұмысы қашан жөнделеді?

ШЫҒЫНҒА БАТҚАН
Пияз егіп, пайда таппады! Көктемде егістік науқаны қызған шақта жамбылдық шаруалар былтырғы өнімді қайда жіберерлерін білмей отыр. Тау боп үйілген көкөніске сұраныс та, оны сақтайтын орын да жоқ.

АЙНАЛАНЫ ЛАСТАУДА
Пайдалы қазба іздеген компанияның кесірінен жаман иіс тұншығып отыр! Батыс Қазақстан облысында бірнеше ауылдың тұрғыны бас көтерді. Көмірсутегінің бар-жоғын анықтауға білек сыбана кіріскен мекемені экологтар мен прокуратура тексермекші.

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ!
Наурызнама бойынша бүгін ұлттық киім күні! Ел тарихы мен ұлт мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған қазақы үлгідегі киімдерді кеңінен насихаттау басталды.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке