Елбасын қамаса Қазақстанға қандай қауіп төнеді? | Билікке Президентімізді аяп келдім| Саясат Нұрбек

Описание к видео Елбасын қамаса Қазақстанға қандай қауіп төнеді? | Билікке Президентімізді аяп келдім| Саясат Нұрбек

#НартайАралбайұлы #СаясатНұрбек #НартайНьюс

🔹Спикер: Саясат Нұрбек - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

00:00 Басы
00:58 Таныстыру
01:14 Сіз Мәжілістегі Дариға Назарбаеваның мандатын алдыңыз ба?
02:42 "Мен Нұрлан Нығматуллиннің мандатын алдым, Бекболат Тілеуханның кабинетін алдым".
03:33 Ант бергенде неге 2 рет "біссіміллә" деп айттыңыз. Бұл қоғамға ұнаудың тәсілі ме?
05:58 Қазақстандағы діни ахуалға қандай баға бересіз?
07:40 Депутат болғаныңыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сізді отқа тастағаны ма?
10:09 "Депутат болу туралы ұсыныс Президент әкімшілігінен түсті".
12:04 Мәжілісмендер Сенаторларды менсінбей жүрген жоқ па?
12:28 Мәжілістің күшеюі Президентке не үшін керек болды?
14:20 "Әкімдікте жұмыс істегенде апта сайын Конституцияны бұздық".
16:53 Парламент Мәжілісі депутаттарының 70 пайызы партия арқылы, 30 пайызы мажоритарлық жүйемен сайланатын болды. Билік демократияны қаласа неге 100 пайыз мажоритарлық сайлау жүйесін жасамады?
19:41 Елбасын қамаса Қазақстанға қандай қауіп төнеді?
22:07 Сіз - Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультетін тәмамдадыңыз. Сингапурда мемлекеттік қызмет колледжінде, АҚШ-тың Индиана штатында Нотр Дэйм университетінде оқып, Римде La Sapienza университетінде халықаралық қауіпсіздік және геосаясат магистрі дәрежесін алдыңыз. Сондай-ақ, Римдегі ICU институтында 2 жылдық тағылымдамадан өттіңіз. Осынша білім қоры бар азамат Мәжіліс депутаты деген ағайын үшін абыройы жоқ қызметке не үшін келісті?
25:55 Сіздің жаңашыл идеяларыңыз бюрократиялық былыққа әбден батқан Қазақстанда жүзеге аса ма?
29:55 «Дүниежүзіне аштық келе жатыр» дедіңіз. Бұл адамзаттың ақыры ма?
31:50 «Аштыққа Қытай жақсы дайындалды».
32:08 Қазақстанда азық-түлік резерві жоқ. Біздің мемлекет аштыққа неге дайын емес?
32:33 Қазақстанды аштыққа әкелетін нақты факторларды атады!
34:20 Қазақстанның мұнайын Ресей арқылы шетелге экспорттау көлемі азайды. Мұның арты қандай сұмдыққа әкеледі?
35:30 «Тамыз-қыркүйек айында қиын жағдайға тап боламыз» дедіңіз. Демек бізде аштық бола ма?
37:10 Аштыққа ұшырамау үшін Қазақстан халқы не істеу керек?
37:33 «Экспортымыз қиындыққа ұшырады. Қытайды ренжітіп алдық». Енді не істейміз?
38:17 Қазақстанда қазір жоғары сортты ұн тапшылығы басталды. Мұның салдары қандай болады?
38:50 Әлемде гибриттік соғыс басталды ма?
43:16 Ұлттық банктің мәліметінше, азық-түлік бағасы– 9,9%-ке, азық-түлік емес тауарлар – 8,5%-ке, ақылы қызметтер 6,8%-ке қымбаттаған. Мына қымбатшылықтан қазіргі билік халықты аман алып шыға ала ма?
44:54 «Үшінші дүниежүзілік соғыс басталды».
47:35 "Қалай аз уақытта Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, олардың артынан Қытай дамып шыға келді? Олар қарапайым стратегияны қолданды. Ол - көшіру" дедіңіз 2017 жылы. Даму үшін біз кімнен көшірейік?
53:25 2020 жылы сіз: "Қазақстанның байлығы – қазба мен мұнай емес, адами капитал" дедіңіз. Осыны билік түсінді ме?
54:42 «Қазақстанға керексіңдер» деген сигналды халыққа қалай жеткіземіз?
59:08 Форсайт зерттеулерінің сессиясында мемлекетті құзға құлататын нұсқалар жарияланды. Соның бәрі Қазақстанда бар. Енді не істейміз?
01:03:50 Сіз жасаған "Жаңа мамандықтар атласы" Қазақстанды құтқара ма?
01:05:58 «Қазақстанда алдағы 5 жылда 129 мамандық жойылады». Атап айтыңызшы?
01:07:45 "Жаңа мамандықтар атласы" жобасын Ресейден ұрлап алғаныңыз рас па?
01:10:28 Қазақстандықтар неге шетелге кетуге құмар? Шетелге кеткен жастарды «патриот емессіңдер» деп жазғыруымыз керек пе?
01:15:42 Сингапурда шетелдегі отандастарын елге қайтаратын арнайы агенттер бар. Олардың бірі - Филип Йео. Шетелдік медиа Йео мырзаны "дарындылар аңшысы" деп атайды. Себебі оның назары түскен сингапурлық өз еліне қайтпай қоймаған емес. Ал біздің Йео мырза кім?
01:17:17 «Саяси ауызбіршілігіміз жоқ».
01:19:05 АҚШ-да жауапты қызметтер атқардыңыз, кейін Қазақстанға қайттыңыз. Тыңшы емессіз бе?
01:19:46 Қашан бізде Америкадағыдай демократия орнайды?
01:24:31 Сіз Алматы қаласының ішкі саясатын басқарып тұрғанда жердің сатылуына қарсы митингке шыққан елдің алдына келдіңіз. Артынша полицейлер сол адамдарды қамады, бәрі видеоға жазылған. Демек сіз жерін қорғаған жұртты қаматтыңыз ба?
01:29:31 Сіз басшылық еткен BTS Digital білім жобасы мемлекеттік сатып алудан ақша алғаны рас па?
01:31:01 Бүгінгі күннің батыры кім?
01:32:49 Қоштасу.

Инстаграм: https://instagram.com/nartay_aralbayu...
Фейсбук:   / nartai.sarsengaliyev  

Комментарии

Информация по комментариям в разработке