КТК: Қазақстан жаңалықтары 15.02.2024

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 15.02.2024

Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram: https://instagram.com/aigerimaskarkyz...)

ТАҒЫ ДА ЖАРЫЛЫС
Теміртаудағы дүкенде жарылыс боп, сатушы әйел қаза тапты. Таңертең келген алғашқы клиент сатып алған оттығын тексеріп көрмек болғанда, ауаға тараған газ лап етіп, жойқын жарылыс болған.

ТӨРТ ТҮРЛІ ТАРИФ
Тұтынған судың көлеміне қарай төлемі де өседі. Су ресурстары министрлігі бұдан былай тарифі 20 -дан 100 пайызға дейін артық төлейтін топтарды атады.

ЖАҒДАЙ ОҢАЛМАДЫ
Атыраулықтар баспаналарында тобықтан су кешіп жүр. Жаңбыр, еріген қар, жерасты суларымен алысып, қажыған тұрғындар көмек сұрайды.

ШИБӨРІ ШАПТЫ
Түркістан облысында шибөрі ұсақ мал мен ірі қараны қырып жатыр. Ауыл маңында өріп жүрген жыртқыштардың санын кемітпесе, үйден шыға алмайтын жағдайға жеттік дейді тұрғындар.

АЛТЫН БАР ЖЕРДЕ
Ақтөбе облысында алтын барлаушылар Ақпан батыр қорымының талқанын шығарған. Қазба байлыққа тиісуге лицензиясы жоқ компанияны тұрғындар да, жергілікті шенеуніктер де тоқтата алмай отыр.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке