«Тақиялы періште» к/ф (реж. Шәкен Айманов, 1968 ж.)

Описание к видео «Тақиялы періште» к/ф (реж. Шәкен Айманов, 1968 ж.)

«Тақиялы періште» деп еркелететін кенже баласының бойдақ жүргені жүрегіне батқан Тана апа баласына қалыңдық іздей бастайды. Жасы 28-ге келген ұлы Тайлақ - география пәнінің мұғалімі, анасының еркесі, нар тұлғалы, мінезі көркем азамат. Баласына қалыңдық іздеу барысында Тана апа Нияз ақсақалдың отбасымен танысады. Ал ұлы Тайлақ болса, Айша есімді арумен танысып, сөз жарастырғанымен оның таңдауын анасы құптамайды. Айшаның әкесі Тайыр кезінде Тана апаға сөз салып, уәдесінде тұрмағандығы анықталады. Жылдар өтсе де, Тайырға өкпелі Тана апа баласының сүйіктісімен бас қосуына наразылық білдіріп, қалыңдық іздеу жұмыстарын жалғастырады. Тайлақтың қалыңдығы болуды армандайтын Алтыншаш сыра сатушысы болып істейді. Ол «періштені» өзіне қарату мақсатында неше түрлі амалдарды жасап, қалыңдық болуға талаптанады. Алайда, оның ниетіне оң жауап жібермеген Тайлақ сүйіктісі Айшамен бас қосады. Нияз қарт Тана апаға «екі жарты бір бүтін болайық» деп ұсыныс жасайды. Фильм ұлан-асыр екі тоймен аяқталады.
Фильм барысында 60-жылдардағы Алматы қаласын, сол кездегі жастардың болмысын көрумен қатар, Александр Зацепиннің «Ты куда, Одиссей?!» әні мен Ермек Серкебаевтың орындауындағы бірқатар әндерді тыңдауға болады.


Өндіруші/Производство: Киностудия «Казахфильм»
Жыл: 1968
Уақыты: 97 мин
Түсі: түрлі түсті
Режиссер: Шәкен Айманов
Сценарий авторлары: Яков Зискинд, Шакен Айманов
Операторы: Марк Беркович
Суретші: Юда Вайншток
Композиторы: Александр Зацепин
Дыбыс операторы: Евангелина Додонова
Рөлдерде:
Әмина Өмірзақова,
Атагельды Исмаилов,
Ермек Серкебаев,
Бибігүл Төлегенова,
Бикен Римова,
Юрий Саранцев,
Р. Лунева.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке