Күлімхан Көбентайқызы, туған күніңізбен!

Описание к видео Күлімхан Көбентайқызы, туған күніңізбен!

Сүйікті, Ұстазымыз - Күлімхан Көбентайқызы!!!

Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Бәріміздің қамқоршымыз, шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы болып қана
қоймай, бізді сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылыңызбен
тәрбиеледіңіз, әрқайсымыздың өмірде өз орнымызды табуымыз үшін берген
ақыл-кеңестеріңізге, бізді ел қатарына қосқаныңызға мың да бір рахмет
айтып, шәкірттік ықыласымызды білдіргіміз келеді. Үлкен биікке қол
жеткізуімізге, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегеніңіз үшін біз Сізге
әрқашан қарыздармыз!
Бойыңыздағы бар жинап-терген біліміңізді оқушылардың санасына
сапалы етіп сіңіре білдіңіз, балаларыңыздың білімді, парасатты болып
шығуын мақсат еттіңіз. Ол арманыңыз өзіңіздің ерен еңбегіңіздің арқасында
орындалды.
Сізге осынау мерейтойда деніңізге саулық, отбасыңызға амандық,
өмірдің рахатын, шәкірттеріңіздің қызығына кенеле беруіңізді тілейміз!

Ізгі ниетпен: 11 А сыныбының 2004 жылғы түлектері

Комментарии

Информация по комментариям в разработке