КТК: Қазақстан жаңалықтары 29.02.2024

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 29.02.2024

Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram: https://instagram.com/aigerimaskarkyz...)

САҒАТ ТІЛІ ЖЫЛЖИДЫ
Бүгін түнде еліміздің барлық өңірінде уақыт теңесіп, UTC+5 белдеуіне көшеміз. Осыған байланысты ұялы байланыс пен банк қосымшаларының жұмысында техникалық ақау туындауы мүмкін. Ал түн жарымнан кейін ұшақ немесе пойызбен жолға шығатын азаматтар аса мұқият болулары қажет.

ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛДЫ
Дымым жоқ деп несиесін төлей алмаған 10 мыңға жуық азаматтың қарызы кешірілді. Олардың 20 млрд теңге жалпы берешегі жойылып қана қоймай, бірсыпырасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

АЛДАНЫП ҚАЛДЫ
Техникасын да, өздерін де пайдаланып кетті. Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысындағы бөгет пен елді мекенді қалыпқа келтіруі тиіс компания тұрғындардан жалға алған ауыр көліктердің де, көмекке келген ауылдықтардың да ақысын төлемей, қашқан.

ДОНОРДЫҢ ҚАМЫ
Екі рет ас ішкенге жетуі тиіс. Елімізде қан мен оның компаненттерін тапсырған донорға міндетті түрде төленетін соманы 4 жарым мың теңгеге дейін көтеру көзделіп отыр.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке