Үш апта бойы аштық жариялап жатқан Обуховка жұмысшыларының жанайқайы

Описание к видео Үш апта бойы аштық жариялап жатқан Обуховка жұмысшыларының жанайқайы

Солтүстіктегі Обуховка кен байыту орны жұмысшыларының аштық жариялағанына үш аптаға жуықтады. Осы уақыт ішінде олар он келіге жуық салмақ тастап, қан қысымы төмендеп кеткен. Жағдайлары күннен күнге нашарлап бара жатса да, билік бізге назар аудармайынша аштықты тоқтатпаймыз дейді. Жұмысшылардың күйін Руслан Жасұланұлы өз көзімен көріп қайтқан еді.
Обуховка кен байыту комбинатындағы төрт қызметкердің аштық жариялағанына бүгін он тоғызыншы күн. Олар отызыншы тамыздан бастап тамақтан бас тартып, күні бойы сумен ғана нәр татып жүр. Әр сағат сайын бір стакан, тәулігіне 2-3 литр су ғана тұтынатындарын айтады. Олар айына жарты миллион теңгеге жуық айлық төлейтін кәсіпорынды таратып жіберуге қарсымыз дейді.
БОЛАТ ДУШКАЕВ, жұмысшы:
– Әзірге төртеуміз. Бірақ қатарымызға әлі қосыламын дейтіндер көп. Барлығы осы кәсіпорын үшін жанын беруге дайын. Егер бұлай жалғаса берсе, соңы бүлікпен аяқталуы мүмкін.
Аштық жариялаған жұмысшылар:
Виктор Гусак - 19 күн
Екатерина Иванова - 19 күн
Абзал Ибрагимов - 19 күн
Болат Душкаев - 17 күн
Виктор Гусак, Екатерина Иванова, Абзал Ибрагимовтың аштық жариялағанына 19 күн болса, Болат Душкаев әріптестеріне екі күннен соң қосылған. Содан бері тамақ татпай жүрген олардың қан қысымы бірде тым жоғары, бірде түсіп кетеді екен. Оның үстіне ағзаларына жеткілікті дәрежеде дәрумендер бармағандықтан глюкоза мен гемоглабиндері төмендеп кеткен.
ВИКТОР ГУСАК, жұмысшы:
– Үйдегілер аштықты тоқтатыңдар, сендер өлсеңдер де ештеңе шешілмейді дейді. Олай емес деп ойлаймын. Не болса да, мәселе шешілмейінше бұл жерден кетпеймін.
РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, тілші:
– Аштық жариялаған азаматтар он шаршы метр мына аядай ғана бөлмеде тұрады. Бейнекамера арқылы әлеуметтік желілерде тікелей эфир көрсетіледі. Қабырғаға ілінген плакаттарда концентратты қайтарыңыздар, кен орнын құтқарыңыздар деп жазылған. Ал мына жағында жергілікті билік бізге назар аударсын, 400 отбасы табыссыз қалмақ дейді.
Аштық жариялағандардың денсаулығын дәрігерлер төрт сағат сайын тексеріп тұрады екен. Сөздерінше, үш аптаның ішінде жұмысшылардың жағдайы нашарлап кеткен.
МАРИЯ МИЛКИНА, фельдшер:
– Аштықты тоқтатуға шақырдық. Бірақ тыңдамайды. Көп салмақ тастап, жағдайлары қиындады. Бір күні естерінен танып қалуы мүмкін.
Аштық жариялап жатқан төрт азаматтың талабы бір кәсіпорынға жасалып жатқан қысым тоқтатылсын дейді. Облыс билігі кен байыту орнына келмейінше аштықты тоқтатпайтындарын айтады.









Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#Обуховка #аштық #наразылықтар

Комментарии

Информация по комментариям в разработке