Дертіне шипа іздеп Алматыға келген азамат қазір өлім аузында жатыр

Описание к видео Дертіне шипа іздеп Алматыға келген азамат қазір өлім аузында жатыр

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Дертіне шипа іздеп Алматыға келген азаматтың денсаулығын дәрігерлер тіпті нашарлатып жіберді. Осылай деп шағымданған Бақытжан Тойғанбековтың туыстары сәтсіз жасалған отаның кесірінен еңгезердей жігіт өлім аузында жатыр деп наразы. Жақындарының сөзінше тік ішек айналасындағы іріңді толық тазаламағандықтан, ағзаға кетіп тоқсан келі болған жігіт қырық келіден астам салмақ жоғалтып адам танымастай күйге түскен.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  

Бүгінгі шығарылымда:

Бұл Жамбыл облысының тұрғыны Бақытжан Тойғанбековтың қазіргі жағдайы. Қаңтар айының соңына қарай парапроктит ауруынан айығу үшін Алматыға арнайы келіп ақылы түрде ота жасатқан. Бірақ, дәрігерлердің салғырттығынан тік іштегі ірің толық тазаланбай, ағзасына жайылып кеткен дейді туыстары. Бұған дейін жап-жақсы жүрген жігіт екі айда қырық келіден астам салмақ тастап қазір адам танымастай күйге түсіпті.
ҒАЛЫМЖАН ТОЙҒАНБЕКОВ, Бақытжан Тойғанбековтың ағасы:
– Енді қазір бұл адамда диагноздың түрі көп. Арықтау, менингит деп жатыр. Пневмония болып жатыр. Сандырақтау, 90 килограмм болып келген адам қазір 40-ақ килограмм. Анализді алады да анализдің результаты шықпай тұрып бұлар кесіп тастайды. 12 больницаның өз ісіне салғырттығы. Енді олар өздерінің жауапкершілігінен қашып отыр қазір.
Бақытжанның жағдайы нашарлап бара жатқанын байқаған туыстары бірден жеке клиникаға көрсеткен екен. Ол жерде ағзасында әлі де іріңнің барын анықтады дейді. Қазір бес баланың әкесі қаладағы 1 аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
ЖІБЕК ТӘЛПИХОВА, Бақытжан Тойғанбековтың Туысы:
– Қазір енді жатыр реанимацияда. Сәл тәуір болады, қайтадан реанимацияға түседі. Өте қиын жағдайы. Денсаулығын жөндеп берсе бізге соның. Үлкен үмітпен алып келдік. Аяқ жағы міне мынандай болып тұр.
Ал жігіттің денсаулығына салғырт қарады деген туыстары дәрігерлерді сотқа бермек. Ал №12 орталық қалалық клиникалық аурухананың мамандары болса ота кезінде іштегі іріңнің барлығы толық алынған деп отыр.
МАРАТ ЕҢКЕБАЕВ, №12 Орталық қалалық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:
– Түскен кезде парапроктит ашылды. Бөлімшеге жатқызылды. Біздің ауруханада бір жетідей жатты. Шыққан кезде жарасы тазарып дене қызуы нормализовать етіп сөйтіп шықты. Шығар кезде жара абсолютно таза болған. Кейінірек біз естідік туысқандарынан ол пациент басқа бір частный клиникаға жатты деп естідік.
Қазіргі уақытта Бақытжан Тойғанбековтың туыстары нақты қай ағзалардың зақымданғанын білу үшін түрлі тексерістер жасатып жатыр екен. Және науқасты емдеу барысында қандай ағаттық кеткенін білу үшін шұғыл тексеру қажет деп есептейді.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке