Халық тегін ішіп отырған артезиан суын кім сатып жіберді?

Описание к видео Халық тегін ішіп отырған артезиан суын кім сатып жіберді?

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Бізді артезиан суынан айырмасын! Алматы облысы Жамбыл ауылының тұрғындары күнде алып отырған ауыз судан қағыламыз ба деген қорқынышпен наразылыққа шықты. Бұдан бөлек күн сайын көрші елдімекендерден тіршілік көзі үшін арнайы келетін халық та алаңдаушылық білдірді. Халықтың айтуынша, жер асты суы тұрған аймақтың жекенің меншігіне өткені аздай, қожайыны қоршау салып, үй тұрғызбақ екен.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  

Бүгінгі шығарылымда:

Бұлақ басына жиналған жастың да, қарттың да жалғыз талабы осы. Халыққа тиесілі жер жекенің меншігіне өтті дегенді естігелі, тұрғындар жан-жақтан құжаттар жинап, бұл әрекеттің заңсыз екенін дәлелдеп әлек.
АЛТЫНАЙ ТӨРЕМҰРАТҚЫЗЫ , Жамбыл ауылдық округінің тұрғыны:
– Кадастрдан мен мінекей мен өзім жеке өзім планды түсіріп алғанмын. Мінекей мына жерде төрт сотық жер бөлінген. Сол төрт сотық жер ешкімнің жеке меншігіне өтуі мүмкін емес. Халықтың игілігінде деген. Енді келе-келе он шақты күн болды сол жерді жеке меншікке сатып жіберген. Сонша халық біз ауыз сусыз қалдық. Енді суды қайдан ішеміз біз? Біз онсыз да сайда тұрамыз.
Жамбылдықтардан бөлек дәл осы жердің суын өзге де елдімекендердің халқы тасып ішеді.
НАҒЖАН БАЙХАНОВА, Жамбыл ауылдық округінің тұрғыны:
– Жан-жақтан көрші ауылдан Райымбек, мына Жалпақсай, Ұлан, Киіз жан-жақтан бүкіл халық осы суға келеді. Осы алтын бұлақты суымыз, таза су ішейік деп халықтың барлығы. Жан-жағын қоршап алып жатыр. Қайда барсаңдар онда барыңдар деп жатыр, міне сатып алған адам.
Ауыл тұрғындары бұл жердің қалайша сатылып кеткенін білу үшін әкімдіктің де табалдырығын тоздырдық дейді. Алайда, көңілге қонымды жауап ала алмағандарын айтады. Халықтың көкейіндегі сауалға жауап алу үшін Жамбыл ауылдық округінің әкімін бұлақ басына шақырдық.
ЕЛАМАН САМАТҰЛЫ, Жамбыл ауылдық округінің әкімі:
Жер қалай берілді, кімге берілді сол бойынша қазір толық мәліметтер жинап жатырмыз. Бүгін, ертең тиісті мемлекеттік мекемеге тиісті хаттар жолданатын болады. Осы жерді қайтару бойынша.
Жалпы су бойынша қазіргі уақытта «Қаскелең топтық су құбыры» деген жоба жүзеге асырылып жатыр. Сол жоба аясында 2025 жылға дейін Жамбыл ауылы толық ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
Ал, ауыз сусыз қаламыз деп алаңдаған тұрғындар, бұл проблеманы шешпейінше дегенімізден қайтпаймыз дейді.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке