Абай әкім, Қабанбай министр ме? Жастарымыз ұлы тұлғаларды танымай барады

Описание к видео Абай әкім, Қабанбай министр ме? Жастарымыз ұлы тұлғаларды танымай барады

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Сенатор Сәкен Арубаев жастар Абай мен Қабанбайдың, Ақан мен Қаныштың кім екенін білмейді деп қынжылып отыр. Айтуынша, ұлттың ұлы тұлғалары туралы сұраққа бозбала, бойжеткендер әкім, министр, не атақты спортшы деп жауап қайтарған. Тіпті, қарапайым ғана ай мен апта күндерінің қазақша атауларын да айта алмай отыр. Демек, ұрпақ ұлт тарихының діңгегіне айналған батырлар мен арыстарды мақтан тұтпақ түгілі, танымайды да. Сол үшін депутат республикалық ұлттық құндылықтарды насихаттау орталығын ашуды ұсынады.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  

Бүгінгі шығарылымда:

СӘКЕН АРУБАЕВ, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:
– Үкімет бұл бағытта жаңа тұжырымдама әзірлеп, «Республикалық ұлттық құндылықтарды насихаттау орталығын» аша отырып, оның құрамына Үкімет мүшелерімен қатар, ғалымдар мен тарихшылар, зиялы қауым мен азаматтық қоғам белсенділерін тартуды, шет елдерден келетін туристерге, қазақ халқының ұлттық құндылықтары жайлы үш тілдегі түсіндірме және насихат материалдарын шығаруды сұраймыз.
Сондай-ақ, сенатор мемлекет басшысы жанынан ұлттық құндылықтар бойынша жұмыстарды жүйелейтін арнайы мемлекеттік комиссия құруға шақырды. Әрі, бұл құрылым еліміздегі ірі қалаларда да жұмыс істеуі қажет деп санайды. Бастысы, ұлттық құндылықтарды насихаттауда республикалық және өңірлік баспасөз құралдарымен қатар, әлеуметтік желілерді де тиімді пайдаланған абзал деді депутат. Біздің тілшілер де алматылық жастардан «Ыбырай кім?», «Қасым мен Әлихан кім?» деп сұрап көрді.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке