Сенатор Бекбол Орынбасаров утильалымды азайтуды ұсынды

Описание к видео Сенатор Бекбол Орынбасаров утильалымды азайтуды ұсынды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров зауыттан шыққанына үш жыл болмаған автомобильдер үшін кәдеге жарату алымын 150 000 теңге көлемінде бекітуді ұсынып отыр. Пікірінше, бұл тәртіп қозғалтқыш көлемі екі мың текше сантиметрге дейінгі көліктерге қолданылғаны абзал. Әрі, кедендік торды да азайту қажет дейді депутат.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  

Бүгінгі шығарылымда:

Оның айтуынша, соңғы жылдары қазақстандықтар үшін автокөлік сатып алу қиындаған. Теріс динамика, әсіресе утильалым мен бастапқы тіркеу төлемі енгізілгеннен соң байқалған. Мәселен, 2015 жылға дейін елдегі жеңіл көлік паркі жыл сайын орта есеппен 280 мың бірлікке толығып отырған. Яғни, 2005 жылы жеңіл автомобиль саны 1 миллион 200 мың болса, он жыл ішінде бұл цифр 4 миллионға жеткен. Ал, машиналардың орташа жасы 18-ден 12-ге төмендепті. Алайда, соңғы сегіз жылда бәрі өзгеріп сала берген. Сөйтіп, автопарк 4 миллионнан 3,7 миллионға түсіп, орташа жасы 12 жылдан 21-ге көтеріліп отыр. Бұл үрдіске тікелей кедендік және кәдеге жарату алымдары мен алғашқы тіркеу төлемдері ықпал етті деді сенатор. Әрі, мәселені шешуге бағытталған жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы да нәтиже бермей отыр. Сол үшін депутаттар кәдеге жарату алымын төмендетіп, кедендік баж бен автомобильді тіркеу төлемін төмендетуді ұсынды.
БЕКБОЛ ОРЫНБАСАРОВ, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:
– Автокөліктердің көпшілігі, әсіресе, Қытайдан Қазақстанға Қырғыз Республикасы арқылы әкелінетін фактілер бар, өйткені автокөлік иелері ҚҚС пен бажды біздің мемлекетімізге қарағанда бірнеше есе аз төлейді. Шығарылған жылын қоса алғанда, бес жылға дейін көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым мөлшерлемесін 0,25 АЕК көлемінде қарастыруды ұсынамын.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке