Шәмші Қалдаяқовтың өз дауысы (Дінмұхамед Қонаев, Нұрғиса Тілендиев, Дәнеш Рақышев, Ілия Жақанов)

Описание к видео Шәмші Қалдаяқовтың өз дауысы (Дінмұхамед Қонаев, Нұрғиса Тілендиев, Дәнеш Рақышев, Ілия Жақанов)

Авторлық контент. Авторский контент. Copyright content.

(қаз) 1989 жылғы 29 қарашада Талдықорған облыстық драма театры ұжымының Шәмші Қалдаяқовпен кездесуі кезінде жазылған аудиожазбасы:
00:00 театрдың бас режиссёры Сәулебек Асылханов ұжымды таныстырады
02:00 Шәмші аға сөз бастайды
07:33 драматург Оразбек Бодықов сөз алады
11:40 Шәмші аға "Арыс жағасында" әнінің тарихын баяндайды
17:37 "Жақсыгүл" әнінің тарихы
20:53 "Ақ бантик" және "Бақыт құшағында" әндерінің сөздері туралы
22:33 "Ақ бантик" Ғалым Сүлейменов
25:08 "Шәмілге хат" Алмахан Кенжебекова
31:20 Шәмші аға Мұқағали Мақатаев жайында баяндайды
33:40 Асан Исаевтың (Қарлығаш Исаеваның жары) Шәмшіге арнаған өлеңі
35:57 Шәмші ағаның Дінмұхамед Қонаев, Нұрғиса Тілендиев, атақ, үй, т.б. жайындағы айтқандары
53:25 "Дүнген қызы" Шәмші аға және театр ұжымы
54:52 "Аққулар, қош болыңдар" ҚазССР халық әртісі Дәнеш Рақышев
1:00:20 "Шырмауық" сазгер Ілия Жақанов
1:09:23 "Теріскей" Шәмші ағаның орындауында
1:12:12 драматург Оразбек Бодықов сөз алады
1:17:14 сазгер Ілия Жақанов сөз алады

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Исаева Қарлығаш Хамзеқызы:

"Бұл өзі жылдар алыстаған сайын өте құнды болып бара жатқан тарихи аудиожазба. Оқиға былай болып еді...

Мен сол кездегі 1975 жылы негізі қаланған Талдықорған облыстық драма театрында (қазір Бикен Римова атында) ашылған күнінен бастап бертінге дейін музыка бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еттім. Ол кезде режиссёріміз жаңашыл, жалындап тұрған (қазір Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері) Сәулебек Асылханов еді.

1989 жылы Оразбек Бодықовтың "Ит өлім" пьесасы бойынша спектакль қойылды. Премьераға автормен бірге Шәмші Қалдаяқов, Ілия Жақанов келді. Премьера сәтті өтті. Ертеңіне шағын кездесу ұйымдастырдық. Көңілді отырайық деп облыстық филармония әншілерін, халық әртісі Дәнеш Рақышевті, еңбек сіңірген әртіс Ғалым Сүлейменовты шақырдық. Мен осы кездесуді бобинный магнитофонға жазып едім...

Кейін, жылдар өте техника дамығасын жазбаны тазалап, мүмкіндігінше цифрлық Mp3 форматына көшірдім. Қазақ радиосына, ұрпақтарына тапсырайын деп жүргенмін. Жазба желіде тарап кетіпті. Енді өзім толық нұсқасын жариялап отырмын. Кездесуде менің жарым Асан Исаев, Шәкеңнің түп жерлесі, суырып салып шығарған өлеңін оқиды. Әртісіміз, қазіргі халық әртісі Алмахан Кенжебекова "Шәмілге хат" әнін орындайды. Ілия ағамыз "Шырмауықты" орындайды. Шәкең өзі "Дүнген қызы" әнін біздің қыздармен қосылып орындайды. Тыңдарсыздар, өте құнды деректер көп. Бағасын беріңіздер.

Бейнежазбадағы суретті Шәкең менің ұлым Әнуардың аузына түкіріп, туған күніне өз қолымен сыйлаған еді. Дата мен автографты туған күніне лайықтап жазып беруін өтінгенмін.

Қазақ радиосына, журналистерге айтарым – аудиожазба керек болса, өзіме хабарласыңыздар. Тел. 87017470927."

#шәмші #қалдаяқов #шәмшіқалдаяқов #шамшикалдаяков #қонаев #дінмұхамедқонаев #конаев #кунаев #динмухамедкунаев #нұрғисатілендиев #нургисатлендиев #дәнешрақышев #данешракишев #ілияжақанов #ильяжаханов #бикенримоватеатры #талдықорған #талдыкорган #anuarissayev #𐰦

(рус) Обнародовал домашний архив – аудиозапись встречи коллектива Талдыкорганского театра с "королём казахского вальса", народным артистом Казахстана, композитором Шамши Калдаяковым (1930 – 1992). Запись произведена мамой на бобинный магнитофон 29 ноября 1989 года.

Шамши с юмором рассказывает истории создания своих песен, о том, как его скитающегося по Алматы искал народный артист СССР, великий композитор Нургиса Тлендиев (1925 – 1998) на приём к лидеру нации Динмухамеду Кунаеву (1912 – 1993), отзывается о благородстве Конаева и философски высказывается о наградах, орденах, недвижимости, жизни.

Присутствуют голоса народного артиста КазССР, певца и композитора Данеша Ракишева (1926 – 1992), композитора, писателя, искусствоведа Ильи Жаханова, а также других деятелей культуры и искусства. Аудио длиться полтора часа, но на таймкоде, что в описании видео, можно выбрать главы.

На изображении подаренная на мой день рождения фотокарточка Шамши с его же автографом.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке