Киік мәселесін сарапшылардың талқылауы

Описание к видео Киік мәселесін сарапшылардың талқылауы

Киік мәселесін студиядағы талқылауымызға БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рақымжанов, «Ветеренария және биотехнология» ғылыми зерттеу орталығының директоры, ветеренария ғылымының докторы, профессор Ғайса Әбсәтіров, БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары болған, қазір зейнеткер Махамбет Ихсанғали, киіктің Орал популяциясы төлдейтін аймақ - Жәнібек ауданының әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов, фермер, "Ауыл" партиясының Жәнібек ауданы филиалы төрағасы Бауыржан Сабанов, экология жанашыры, зейнеттегі биолог Зәки Ахметжан, киік санын реттеу процесін көзімен көріп, тұрақты сюжет жасап жүрген Qazaqstan ұлттық арнасының тілшісі Ардақ Мұратқызы қатысты. Хабарды жүргізген - журналист, "Медиа білім" қорының директоры Нұрлыбек Рахманов.

"Медиа білім" қоры киік мәселесі жайлы деректі фильм, подкасттар түсіріп жатыр, оларды осы арнадан көре аласыз. Бұған Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қолдау көрсетіп жатқанын айта кеткен жөн. #sosaqboken #sos_aqboken #киік #киікэкологиясы

Комментарии

Информация по комментариям в разработке