Облыс әкімі аудан әкімдерін сынға алды

Описание к видео Облыс әкімі аудан әкімдерін сынға алды

Аудан, ауыл әкімдері мен басқарма басшылары бүгін тағы да облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтан сөз естіді. Кеңейтілген алқа жиналысы кезінде Бердібек Сапарбаев экономикалық даму көрсеткіштері бойынша аудандар рейтингінде төмен сатыларда тұрған Темір, Мұғалжар және Шалқар аудандары әкімдерін жеке-жеке орындарынан тұрғызып, "жұмыс жасамайсыңдар" деп сөкті. Темір ауданында "Құлан", "Сыбаға", "Алтын асық" секілді мемлекеттік бағдарламалар орындамалған. Мал шаруашылығымен айналысатындар аз. Шұбарши ауылының әкімі Азамат Өсербаев бұған жайылымның жоқтығын сылтау қылды. Шалқарда да мал басы көбеймейді. Көшелері асфальтсыз. Суармалы жерлер пайдаланылмай жатыр. Аудан әкімі Ербол Данағұлов келтірген сандар аймақ басшысының көңілінен шықпады. Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шаңғұтов былтыр салықты аз жинағаны үшін әкімнен сөз естіді. Жалпы, аудандар рейтингінде алғашқы үштікте Алға, Байғанин және Қарғалы аудандары тұр. Бердібек Сапарбаев бұл аудандардың басшыларына осы қарқынды сақтап қалуды тапсырды. Сегіз ауданда әлі күнге дейін тұрақтандыру қоры жасақталмаған. Әкім бір ай уақыт берді. Ол сондай-ақ, аудан әкімдеріне өз өңірлеріндегі кәсіпкерлермен әлеуметтік бағытта тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауды міндеттеді.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке