«Амангелді» к/ф (реж. Мойсей Левин, 1938)

Описание к видео «Амангелді» к/ф (реж. Мойсей Левин, 1938)

Амангелді фильмі батыр мен сарбаздарының ерліктері жайлы баяндалады. Тарихи революциялық, биографиялық фильм болғандықтан фильмнің көркем шығуы драматургиялық жұмыс, режисуралық жұмыс пен актерлық жұмысқа байланысты еді. Жобаның артықшылығы - фильм қазақтың батыры Амангелді жайында. Патша жазалаушы отрядтарына бірінші болып қарсы тұрған үлкен жалғыз бүлікші, 1919 жылы Амангелді әскери комиссар болды. Контрреволюционерлердің қолынан қаза тапқан

1966 жыл "Қазақфильм" киностудиясында қайта қалпына келтірілген

Сценарий авторлары: Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин, Всеволод Иванов
Қоюшы режиссеры: Мойсей Левин
Операторы: Хечо Назарьянц
Басты рөлді, яғни Амангелді бейнесін театр актеры Елубай Өмірзақов сомдады. Одан бөлек Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Қапан Бадыров, Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков, Шара Жиенқұлова, Рахметулла Салменов секілді әртістер бар

Комментарии

Информация по комментариям в разработке