КТК: Қазақстан жаңалықтары 25.04.2024

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 25.04.2024

Жүргізуші: Мадина Балғабаева (Instagram: @madinabalgabayeva)

ТАБЫЛМАЙЖАТЫР
Алматы облысында бір жарым ай бұрын жоғалған 3 жасар қызды іздеу жалғасуда. Полиция бірақ адам өлімі бойынша іс қозғап, күдіктіні қамауға алған. Ал ауыл жұрты бүгін сұмдық жайтты айтты:

ТАСҚЫН - 2024
Солтүстік Қазақстанда тасқынның екінші толқыны шарықтау шегіне жетті. Есіл өзені көтерілген. Баспаналарға су кірмесе де, республикалық жолдарға жайылуда.

ТАСҚЫН - 2024
Қасым- Жомарт Тоқаев Үкіметке тасқын судың салдарын жою үшін бес ай уақыт берді. Өтемақылар төленіп, қираған баспаналар тұрғызылып және бүлінген инфрақұрылымды жөндеу сияқты қыруар жұмыс жаз бен күздің бес-ақ айында аяқталуға тиіс деді президент.

БАЛҚАШТАҒЫ ӨРТ
Іле-Балқаш мемлекеттік резерватындағы өртке қатыста қылмыстық тергеу басталды. Қамыстан бастау алған өрт орман алқабын да шарпыған.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке