Абай облысында тасқын су ағызып кеткен үш адам әлі табылған жоқ

Описание к видео Абай облысында тасқын су ағызып кеткен үш адам әлі табылған жоқ

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Абай облысында тасқын су ағызып кеткен үш адам әлі табылған жоқ. Жақындарының не өлі, не тірі екенін білмей сергелдеңге түскен туыстары бұл жағдайға құтқарушыларды кінәлайды. Себебі, төтеншеліктер алғашында қайықтың жоқтығын айтып, уақыт өткізіп алды деп отыр. Қазір іздестіру жұмыстарына сүңгуірлер де қосылды. Алайда үш күннен бері нәтиже жоқ. Жоғалған азаматтардың туыстарын өңірдегі әріптесім Динара Ерболқызы тыңдап қайтты.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  

Бүгінгі шығарылымда:

Шалқар Қажыгереев төрт түлік өсірумен айналысатын шаруа. 39 жастағы азамат үш күн бұрын фермасынан қарамағында жұмыс істейтін малшысымен бірге ауылға трактормен жол тартқан. Өзеннен өтіп бара жатқан кезде су арнасынан тасып, техника аударылыпты. Арыны қатты судың ортасында қалған екі жігіт көмек шақыруға тырысыпты. Бірақ төтеншеліктер көліктің жоқтығын айтып, дер кезінде көмек көрсетпеді дейді туыстары.
АРАЙ ҚАЖЫГЕРЕЕВА, Шалқар Қажыгереевтің қарындасы:
– Бізде қайық бар, бірақ қайықты Аягөзден ауылға жеткізу үшін көлік жоқ деп айтқан. Сонымен әйтеуір көлік тауып ол кісілер келгенше трактордың үстінде отырған екеуі судың қатты ағынмен тракторымызбен қосып ағамдарды суға ағызып алып кеткен. Бұл кешкі сағат алтылар шамасында болған ол кезде МЧС-тің адамдары келді. Бірақ ол кісілер ешқандай әрекет ете алмады.
Шалқардың төрт баласы бар екен. Жақындары атпалдай азаматтың не өлі, не тірі екенін білмей отыр. Сондықтан бақсы-балгерге де барып көргендерін айтады. Іздеу жұмыстарында ағайын-туыстан бөлек тұтас Қарағаш ауылының халқы да жүр.
АРАЙ ҚАЖЫГЕРЕЕВА, Шалқар Қажыгереевтің қарындасы:
– Үйде ағамның төрт баласы бар. Кішкентай қызын өзі өте қатты жақсы көреді. Аман-есен табылса екен. Оралса екен деп күнде дұғамызды тілеп үмітімізді үзбей тосып отырмыз. Бірақ міне бүгін тағы да үшінші күн батып бара жатыр. Кеш батса техникалар дрондар ұшпайды. Вертолеттар ұшпайды қараңғы батып кетті деп. Ешкім іздемейді, тоқтатып тастайды іздеулерін.
Аягөз ауданында тасқын судан тағы бір малшы жоғалып кеткен болатын. Осылайша, бас-аяғы үш адамды іздестіру-құтқару жұмыстарына еріктілерден 80-нен астам адам, 4 қайық және 5 дрон жұмылдырылған. Әзірге нәтиже жоқ.
АЗАМАТ ОРЫМБАЕВ, Абай облысы төтенше жағдайлар басқарма басшысының орынбасары:
– Айта кету керек, ол іздестіріп жүрген адамдар олар ешқандай жаңағыдай су тасқынын алдын алу және жоюға тартылмаған адамдар. Олар өздерімен жүрген азаматтар. Сондықтан ол жерде іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар жалғасуда. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстарының нәтижесі әлі жоқ.
Жалпы, Абай облысының Ақсуат, Көкпекті, Жарма, Аягөз, Бородулиха және Бесқарағай аудандарын құтқарушылар бақылауға алған. Сол аумақтағы барлық өзендердің маңайында тәулік бойына кезекшілік құрылып, табиғи апатқа төтеншеліктер тас-түйін дайын отырмыз дейді.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке