ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҰЛЫ ҚАСЫМ БАТЫР.

Описание к видео ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҰЛЫ ҚАСЫМ БАТЫР.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы –қаншама батырлар шыққан қасиетті мекен. Солардың бірі-жерлесміз, қазақтың біртуар азаматы , аты аңызға айналған хас батыр Қасым Қайсенов. Қазақстанның Халық Қаһарманы, атақты партизан, әрі жазушы Қасым Қайсенов 1918 жылғы сәуірдің 23-інде Ұлан ауданында дүниеге келген. 1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген соң Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі.
1941 жылы Мәскеудегі барлаушылар мектебінде соғыс әліптерін танығаннан кейін, Қасым Қайсенов жау қолында қалған Украина жеріне аттандырылады. Жау жайлаған елге ұшақпен келіп түскен сәттен бастап, Қасымның партизандық өмірі басталады. Өмірге Қасым Қайсенов болып дүниеге келген ол Украинаға барғанда бәрі оны "Василий, Вася" деп атап кеткен. Ол кезде Украина жеріне аттану жау тылына, ажал аузына барумен тең болатын. Қазақтың қас батыры Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады.
Соғыс жылдары «Вася» деген атпен бүкіл Украинаға танылған Қасым Қайсенов бұрын қазақ деген халықты көрмек түгіл, атын естімеген алуан түрлі ұлттардың арасында жалғыз өзі жай оғындай жарқылдап, қазақтың батырлығын сан мәрте дәлелдеп, еліміздің абыройын асқақтатқанын мақтанышпен айтуға болады.
Қасым Қайсеновтың Ұлы Отан соғысы кезінде партизандардың жау тылында көрсеткен ерлік қимылдары Отан соғысы тарихында алтын әріппен жазылған.
Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов ІІ дәрежелі "Богдан Хмельницкий" орденімен, І және ІІ дәрежелі "Отан соғысы" екі орденімен, "Чехословакия партизандары", екі І дәрежелі "Отан соғысы партизанына" медалімен және Кеңес Одағының тағы басқа он бес медалімен, үш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, Украин КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және ІІ және ІІІ дәрежелі "За заслуги" орденімен марапатталған. Батырға Қазақстанның "Отан" ордені, Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы сыйлығы берілген, А.Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты.
Инабат Акетпаева
#уланскийрайон #касымкайсенов #батыр

Комментарии

Информация по комментариям в разработке