Халық жейтін кәмпиттің қандай қорқынышты құпиясы бар? | Мұрыннан қан кетті | ЕҢБЕК АДАМЫ #40

Описание к видео Халық жейтін кәмпиттің қандай қорқынышты құпиясы бар? | Мұрыннан қан кетті | ЕҢБЕК АДАМЫ #40

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы

🔹Спикер: АҚТОЛҚЫН МІНАЙДАРҚЫЗЫ -кондитер.

Сіз шекара асып сапарлаған кезде шетелдіктерге қандай кәде сый апарасыз? Мен мысалға, таныс та, бейтаныс адамдардың бәріне Қазақстанның брендіне айналған мынау шоколодты беремін. Туымыз бейнеленген, дәмі де тіл үйіреді. Әлі күнге дейін тап осы шоколадтқа қатысты теріс пікір естімеппін. Бұл расында да біздің брендке айналды. Маркетингтің тағы бір тәсілі болды. Хош, айтпағым елімізде тап осы школоад ғана емес, жалпы кондитерлік өнімнің қуаты жоғары. Мысалға, Қазақстанда шоколад және кондитерлік өнімдер өндірісі былтыр 11,3 пайызға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарасақ, былтыр импортталатын шоколад өнімдерінің үлес салмағы 52,8 пайызға жеткен. Өткен жылы барлығы 100 мың тоннаға жуық өнім шығарылған екен. Соның тең жартысына жуығы экспорттың еншісінде. Жалпы, бізде алып кондитерлік фабрикалар бар. Солардың бірі –Қостанайдағы Баян Сұлу. Сол жерде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан Ақтолқын Мінайдарқызы бүгінгі кейіпкеріміз. Еңбегінің дәмі татты технологтардың жұмысы жайлы біле отырайық.

Немістің қаламгері Готхольд Лессингтің бір керемет сөзі бар. Мақсаты айқын және сол мақсатына жету жолында баяу болса да үздіксіз қадамдар жасайтын адам, әр нәрсенің басын бір шалып, мақсатынан жаңыла беретін пысықтан бұрын жетістікке жетеді»,-дейді. Ұлы адамдар бірдей ойлайды. Тап осы тұжырымды біздің, һәкім Абай «ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес заяға»,-деп керемет түйіндеген. Бүгінгі кейіпкеріміз де сол ұстанымның ұтымды екенін дәлелдеп отыр. Ол әуелі қарапайым жұмысшы ретін фабрикаға кіріп, кейін сол фабриканың мұрындық болуымен білім алып, тәжірибе толықтырып, қазір білдей бір технолог маманына айналды. Егер адам шын қаласа, кез келген мамандықты меңгеріп, игеріп кетуге қауқарлы. Тек, құнт-құлшыныс болса жетерлік. Еселі еңбек жемісін бермек деген осы.

Кейіпкеріміз әке арманын орындады. Балаларым білім алсын, белгілі бір мамандық иесі болсын, кәсібінде жетістікке жетсін деген әкенің аманаты жүзеге асты. Ақтолқын кондитерлік өндірісте өзіндік жолы бар білікті маманға айналды. Осындай өз жұмысын, мамандығын шын сүйген адамдар қызметте де, өмірде де талай асуды бағындырмақ. Сондытан, анау жұмыста жалақы аз, мынау жұмыс ауыр, басқасында қызметтік перспектива жоқ деп налып, сылтаудан өз жолына бөгет сылайтын жастар бүгінгі кейіпкеріміз ьсияқты нағыз еңбек адамдарын көріп, үлгі алса дейміз.


“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!

Интаграм: https://instagram.com/nartay_aralbayu...
Фейсбук:   / nartai.sarsengaliyev  

Комментарии

Информация по комментариям в разработке