ҮРКЕР. Зейнеп Ахметова «Теңбіл тіршілік» күнделік кітабы

Описание к видео ҮРКЕР. Зейнеп Ахметова «Теңбіл тіршілік» күнделік кітабы

00.56 –Жүргізуші – Жүсіпбек Қорғасбек: Бауыржан Момышұлына келін болмасаңыз, кітап жазбас па едіңіз?
01.43 - Зейнеп Ахметова – Қазақтың қара шалына келін болсам күнделік жазар ме едім, жазбас пе едім, мені кім білер еді? Ешкім де білмес еді. Небір атақты адамдардың келіндерін ешкім танымайды. Көшеде кетіп бара жатсам адамдар таниды. Бұл менің мықтылығымнан емес, кереметтігімнен емес.
02.12 - Жүргізуші – Жүсіпбек Қорғасбек: Көп жылдан кейін Бауыржан Момышұлы атаңыз «Ассалаумағалейкум» деп үйге сәлем беріп, кіріп келеді, менің жүрегім шым етті, сонда сіз Бауыржан Момышұлының қолына келін болып түспедіңіз бе?
02.49 - Зейнеп Ахметова - Мен келген кезде атаның бөлек отбасы болған...
10.59 - Ділдар Мамырбаева - «Шуақты күндерді» мен қасқалдақтың қанындай елден сұратып жүріп алдым.
15.41 – Айгүл Болатхан - Менің арманым «Шуақты күндерді» миллионға жеткізу.
21.29 - Ділдар Мамырбаева Мысалы, қалай бала емізу керек, бәрі кітапта тұр ғой, бірақ оны сұрау үшін кеңесші шақырамыз,оған жастар кінәлі емес, бұл олардың әке-шешесінің кінәсі.
26.48 – Зейнеп Ахметова - біз айтпағанда кім айтады?! Білгенді айту керек, түсіндіру керек. Қазір басқа жаққа қарай ауып бара жатқандар көп, жамбасқа бір ұрып салт жасайтын қулар пайда болды, келінді терезеден кіргізгенді көрдіңдер ме немесе көп балалы ана деп, ырымдеп, бесіктің үстіне атқа мінгізгендей мінгізіп, не деген сұмдық! Періште жататын жер. «Күре тамырда» сол құрсақ шашудан бастап айтылады.
28.50 – Бауыржан Момышұлы өмірден өткен кезде Қазақстанның Ресейге қосылуының 250 жылдығы тойланып жатқан, соған байланысты Бауыржан Момышұлы жамбасы жерге тимей біраз күн жатып қалды деп айтасыз.
28.58 - Зейнеп Ахметова -Төрт күн жатты...

Комментарии

Информация по комментариям в разработке