МЕТЕОРИТ ЖЕРГЕ ТҮСІП,НЕШЕ ТҮРЛІ ҚҰБЫЖЫҚТАР ЖЕР БЕТІН БАСЫП КЕТТІ | Эволюция 2001 фильм | Кино шолу

Описание к видео МЕТЕОРИТ ЖЕРГЕ ТҮСІП,НЕШЕ ТҮРЛІ ҚҰБЫЖЫҚТАР ЖЕР БЕТІН БАСЫП КЕТТІ | Эволюция 2001 фильм | Кино шолу

Достар бүгін біз фантастика,одан кейін комедиялық 2001 жылы шыққан "Эволюция" деген киноға шолу жасаймыз.Бейне басталмай тұрып біздің
каналға тіркеліп өтіңіз.Ал ондай болса кеттік....

Кино басында жерге кішкентай метеориттің құлап бара жатқанын көрсетеді.Уэйн Грей деген жігіт сарайына қуыршағын кіргізеді де,сарайын өртеп
сосын өзінше қуыршағын құтқарғандай болады.Бір кезде Уэйн жаңағы тастың келе жатқанын байқап қаша кетеді.Жаңағы метеорит тура Уэйннің
көлігінің қасына құлайды.Айра Кэйн деген басты кейіпкер жігіт болады.Ол өзі биология жағынан ғалым еді.Студенттерге сабақ беруде.Нэйннің Гарри
деген әріптесі бар.Олар екеуі әлгі метеорит құлаған жерге жетіп келеді.Қараса бағанағы Уэйн жүр екен.Ұшып келген метеорит әжептәуір жерді қазып
тастапты.Кэйн мен Гарри екеуі шұңқырға түсіп метеоритті зерттей бастайды.Сөйтсе тастан бір сұйықтық ағып жатады.Түнге қарай Кэйн өзі жалғыз
әлгі сұйықтықты зертханасында зерттеп микроскоппен қарап жатады.Бірдеңелер қаптап жатады және шыны сынып қалады.Кэйн бұны анықтай келе
бұл организмнің басқа планетадан екенін түсінеді.Бірден Кэйн соны Гарриге айтады.Гарри зертханаға келіп,микроскоптан әлгі тіршілік иелерін қарап
таңғалады.Өсіп жатқан сияқты.Осылай Гарри мен Кэйн екеуі өздерінің студенттерін ертіп алып,жаңағы метеорит құлаған жерге келеді.Осы жолы олар
әлгі үңгірге кірсе неше түрлі өсімдіктер өсіп кетіпті.Сонымен қатар бір түрлі тұмандап тұр.Бір кезде тұман ашылып,қаншама құрттар көрінеді.Көп
екен.Өзі құрттар бір түрлі екен.Кэйн біреуін алып қарап көреді.Бірақ ол құрт өліп қалады.Кэйн сонда,бұларға өзінің ауласы керек екен дейді.Бір екі
құртты банкаға салып алып шығады.Кэйн мен Гарри сөйлесіп отырғанда қасына Надин деген студент келеді.Осы зерттеуге көмектессем,мен емтихан
тапсырған боламын ба дейді.Бір кезде банкаға қараса әлгі құрттар бір бірінен бөлініп көбейіп жатыр екен.Кэйн мен Гарри екеуі банканы алып өздерінің
зертханаларына барады.Уэйн деген жігіт жұмыс істеп жүреді.Бір кезде маңайдан әлгі кішкентай құрттардың қаптап жатқанын көреді.Мыналар қайдан
шықты деп таңғалады.Бүлкілдеп жатқан судың ішінде бір тіршілік иесі жүреді.Уэйн шошып кетеді.Кэйн мен Гарри тағы да әлгі метеорит жаққа келеді.
Осы жолы күзетте тұрғандар оларды кіргізбейді.Сендер тізімде жоқсыңдар дейді.Оған Гарри,біз ылғи осында келіп жүрміз,бұл не дегенің дейді.Бір
кезде бір әскер Кэйнге жақындап,әлгі Кэйн сіз бе дейді.Кэйн мәз болып,иә иә деп еді.Әлгі сарбаз,қаруын шығарып мен сені іздеп едім,көрсетемін
дей бастайды.Оны әріптестері тоқтатады.Күзеттегілер,Кэйн мен Гарриді ақыры кіргізеді.Екеуі келсе генерал Хэрри деген қызметкер жүр екен.Енді бұл
жерді Хэнри басқара бастайды.Бір кезде оларға Элиссон Рид деген әйел келеді.Ол да ғалым зерттеуші екен.Кэйн мен Гарри екеуі Элиссонмен танысады.
Хэнри мен Элиссон екеуі әлгі екеуіне кете беріңдер,сендердің енді қажеттіліктерің жоқ дейді.Бірақ Кэйн мен Гарри кетпейтінін айтады.

Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз!
#КиноШолу #ҚысқашаШолу

Комментарии

Информация по комментариям в разработке