Махамбет ауылында бөгет ортасында қалған үйлер қоршалды

Описание к видео Махамбет ауылында бөгет ортасында қалған үйлер қоршалды

Махамбет ауылында өр суы басу қаупі жоғары үйлердің маңына топырақ төгіліп, қоршау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға 8 погрузчик ауыр техникасы мен ерікті азаматтар жұмылдырылды.

— Бүгін аудандық жедел штабқа судан қорғану бөгеттерінің ортасында қалған үйлердің тұрғындары өтініштерін жеткізді. Штаб өкілдерінің жедел әрекетінің нәтижесінде қажетті техникалар бөлініп, үй ауласының жан-жағын топырақпен қоршау жұмысы жасалды. Қазіргі таңда бөгеттерге бекет қойылып, күндіз-түні кезекшілік жүргізіледі. Ахуал жедел штабтың бақылауында,- дейді аудандық ТЖ жөніндегі жедел штабтың хатшысы С.Құжырбаев.

Сонымен қатар Махамбет-Сарытоғай аралығындағы уақытша тоқтатылған жол қатынасы бүгін қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта құбыр маңына құм толы 1 тонналық қаптар салынып, нығайтылуда.

Айта кетейік, 9 мамыр күні жедле штабтың шешімімен су мөлшерін реттеу, ауылды тасқыннан қорғау мақсатында арнайы техникалардың көмегімен ауыларалық жол бұзылып, ұзындығы 11 метр, ені 1,5 метрлік 2 дана құбыр салынды. #махамбет #сутасқыны #2024 #жайық #1994 #атырау #дамбы #rek

Комментарии

Информация по комментариям в разработке