QaraKesek - Ертен (Текст,караоке,создер)

Описание к видео QaraKesek - Ертен (Текст,караоке,создер)

Қас-қағым өте шығар өмір-ай,. Жас шағыңда мың құбылған көңіл-ай

Өте жылдам алмасқан күнім, түнім-ай, 
Түсініксіз түс секілді өңім-ай. 
Ай-ай-ай... 
Жанарыңнан жастарың құлай-құлай, 
Шаршамадың ба жылай-жылай? 
Себепші болғым келмеп еді жастарыңа, 
Жастарың жібермеді ме басты арманыңа? 

Қайырмасы: 
Өзегіңде өкініштен басқа не бар, 
Уақыт барда маған дейтінің болса, деп ал. 
Кейін естімей қалам, құлағым естімей қалады, 
Сені есіме ала алмай ессіз қалам. 
Ертең, ертең ессіз қалам! 
ЕССІЗ ҚАЛАМ! 

Өмірдің сынақтарына қарайм да, таң қалам, 
Негізі, біз емес едік бұл қу дүниені таңдаған. 
Амалсыздан көне бердік артық тіл қата алмай, 
Содан болар, көп пенде ішіндегіні көпке тыңдата алмайтыны. 
Қоятын сұрақ көп, алатын жауап – біреу, 
Жауабы: «Өзіңді өзіңнен тауып, өзіңе жауап бер!» 
Кімге қарайсың, а, кімнен көмек күтесің, 
Ешкімге сенбе, жалғыз келдің жалғанға – жалғаннан жалғыз кетесің. 
(Бірақ сенің) Бірақ сенің көзқарасың, бәлкім, басқа, 
Сен үшін, бәлкім, мен – бір пенде шығармын адасқан. 
Жарайды, сонда да құлақ салшы сөйлеп жатқасын, 
Бүгінгі күнің бітіп ертеңгің болмай жатпасын. 
Байқа, қайдан білесің ертең не боларын, 
Ертең орындалмайтын шығар «ертең» деп сөйлеген жоспарларың. 
Қайдан білесің, айтшы, өмірдің ала жолдары, 
Алдайды, абайла, ескертіп саған ән жолдадым. 

Қайырмасы: 
Өзегіңде өкініштен басқа не бар, 
Уақыт барда маған дейтінің болса, деп ал. 
Кейін естімей қалам, құлағым естімей қалады, 
Сені есіме ала алмай ессіз қалам. 
(Ессіз) Ессіз қалам... (Ессіз) 
(Ессіз қалам) 
Өзегіңде өкініштен басқа не бар, 
Уақыт барда маған дейтінің болса, деп ал. 
Кейін естімей қалам, құлағым естімей қалады, 
Сені есіме ала алмайм, ессіз қалам. 
(Ессіз) 
(ЕССІЗ ҚАЛАМ!)

#qarakesek #ертен #qarakesekwest #kzrap #kazakhstan #almaty #rap

Комментарии

Информация по комментариям в разработке