Сарай сатқан Құлыбаев, қызыл жалауға қарсылық, үй сұраған тұрғындар – AzatNEWS | 10.05.2024

Описание к видео Сарай сатқан Құлыбаев, қызыл жалауға қарсылық, үй сұраған тұрғындар – AzatNEWS | 10.05.2024

– Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың миллиардер күйеу баласы Тимур Құлыбаев Лондондағы зәулім сарайларының бірін сатты. – Оралда үйін тасқын бүлдірген саяжай тұрғындары үкіметтен жаңа баспана сұрап, жергілікті әкімдікке барды. Олар өтемақысыз қаламыз ба деп алаңдайды. – Қазақстан үкіметі сирек ауруға шалдыққан балалардың ем-домына кететін шығынды бұдан былай қайырымдылық қорлардың мойнына артпақ. Бұған ата-аналар алаңдаулы. – Бишімбаевтың ісін қарап жатқан алқабилер қандай шешім шығарады? Келесі сот отырысы 13 мамырға қалды. – Алматыда Совет одағының қызыл жалауын көтеріп жүргендермен шекісіп қалған белсендіні полиция ұстап әкетті.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке